A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 10:20 0

ШҚО-да ата-аналар балаларына вакцина салдырудан не себепті бас тартады

Бүгін / ШҚО

Аймақта әлеуметтік желілерде таралатын ақпарат ата-аналардың балаларына вакцина салдырудан бас тартуына жиі себеп болып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Айжан Комшабаева мәлім етті.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілердің ықпалы салдарынан кейбір аналар вакцинацияға қатысты ұстанымынан бас тартпай отыр. Дегенмен, медицина қызметкерлері екпеден бас тартқан ата-аналармен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. 

- Әрбір мейірбике мен учаскелік дәрігер екпеден бас тартқан ата-аналарды жақсы біледі. Олармен эпидемиологтар мен медициналық ұйым басшылары да тұрақты түрде әңгімелеседі. Біз де департамент мамандарымен бірге бұл жұмысқа қатысамыз. Соның нәтижесінде жыл сайын ата-аналардың шамамен 20 пайызы балаларына вакцина салдыруға келісім береді, - деді Айжан Комшабаева.

Сонымен қатар ол түсіндіру жұмыстары түрлі форматта жүргізілетінін атап өтті. Атап айтқанда, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, вакцинадан бас тарту салдарынан ауырған балалардың жағдайлары талқыланатын кейстер қаралады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив