Жатақхана тапшылығы мәселесінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ЖОО-лар ұсынған деректер сәйкес келмейді. Бұл жөнінде ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Тілеген Каскин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
- 2024–2025 оқу жылында жатақханаларда 10 мыңнан астам орын тапшы болды. Бұл ретте министрлік пен оператор деректері арасындағы қажеттілікке қатысты алшақтық 31 мың орыннан асып түсті, - деді ол.
Сондай-ақ студенттерді жатақханаға орналастырудың бекітілген нормасы орындалмай отыр.
- Баспанамен қамтамасыз ету деңгейі бұрын белгіленген 70% бағдардан едәуір төмен: Еуразия университетінде — 51,7%, Қазақ ұлттық университетінде — 56,7%. Сонымен қатар, Қазақ ұлттық университеті мен Еуразия университетінде әкімшілік қажеттіліктерге автокөлік сатып алуға 133 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған, - Жоғары аудиторлық палата мүшесі.
Пікірлер