Республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі уақытта жаңбыр аралас қар жауады. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.
Жауын-шашынсыз ашық ауа райы солтүстік және орталық облыстарда бүкіл кезең бойы, оңтүстік облыстарда 28-29 сәуірде, шығыс облыстарда 29-30 сәуірде күтіледі.
Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.
Түнгі және таңғы уақытта республика бойынша тұман болады.
Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, 28-29 сәуірде елдің орталығында түнгі уақытта 3°С-қа дейін үсік жүреді деп күтіледі.
Күндіз республика бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
батыста +15...+20°С дейін,
солтүстік-батыста +17...+25°С дейін,
солтүстікте +21...+26°С дейін,
орталықта +21...+30°С дейін,
шығыста +19...+27°С дейін,
оңтүстікте +25...+34°С дейін,
оңтүстік-шығыста +22...+27°С дейін.
Пікірлер