Шымкент қаласында өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда 8 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Kazinform мәліметінше, бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне Солтүстік Қазақстан, Павлодар Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарынан келген делегаттар қатысты.
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, жәрмеңке қорытындысында 422 азамат елдің жұмыс күші тапшы өңірлеріне қоныс аударуға ниет білдірді.
– Шығыс Қазақстан облысына көшуге 200 азамат қызығушылық танытып отыр. Ұлытау облысына 50 адам баруға құлшыныс білдірді. Сонымен қатар Павлодар облысына 40, Солтүстік Қазақстан облысына 72, Абай облысына 60 азамат қоныс аударуға ықылас танытты, – делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Фото: Ulysmedia.kz
Пікірлер