A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 17:05 0

ШҚО-да қан донорларына ақшалай өтемақы беріледі

Бүгін / ШҚО

Өңірде өтеусіз қан донорлығын дамыту және донорларды қолдау бағытында жүйелі жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қан мен оның компоненттерін тапсырудан кейінгі энергетикалық шығындарды өтеу мақсатында барлық өтеусіз донорға 1100 теңге (0,25 АЕК) мөлшерінде ақшалай өтемақы беріледі. Төлем «Қан мен оның компоненттерін өтеусіз негізде донациялауды орындайтын донорларға төлемдер қағидаларын, өлшемшарттарын және мөлшерін, сондай-ақ қан және (немесе) оның компоненттерін өтеусіз негізде донациялауды жүзеге асырған донорға тегін тамақтанудың ақшалай баламасының мөлшерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № ҚР ДСМ-111/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Қан донорлығы өз денсаулығына жауапкершілікпен қараумен тікелей байланысты. Донор болу үшін адам өз денсаулығын қадағалап отыруы қажет. Сондай-ақ дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту,
ұйқы режимін сақтау және тұрақты түрде медициналық тексеруден өту маңызды. Сонымен қатар қан тапсырудың тұрақты түрде жүргізілуі ағзаның жаңаруына ықпал етіп, денсаулық жағдайын бақылауды жақсартады және процедура алдындағы міндетті медициналық тексерулер арқылы ықтимал ауытқуларды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, донорлық салауатты өмір салтын ұстануға қосымша ынталандыруға айналады. Қан донорлығы арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру тек әлеуметтік маңызы бар бастама ғана емес, сонымен қатар қоғамның да, адамның өз денсаулығына да қосылатын нақты үлес болып табылады.
Сондықтан 2026 жылғы 16 ақпаннан бастап өңірде алғаш рет «ШҚО халқының салауатты өмір салтын өтеусіз қан донорлығын және оның компоненттерін дамыту арқылы қалыптастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы іске асырылуда. Аталған жоба облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады және оны Өскемендегі «Қазақстанның болашағы үшін» жастар қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады.
Осы бастама аясында донорларға қан мен плазма тапсыру үшін қосымша материалдық ынталандыру қарастырылған - 2000 теңге, ал тромбоциттерді тапсыру үшін - 3900 теңге. Осылайша, 2026 жылы базалық өтемақыны ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысында донорлар қан мен плазма тапсырғаны үшін жалпы 3100 теңге, ал тромбоциттер тапсырғаны үшін 5000 теңге көлемінде төлем алады.
Қосымша ынталандыру - бұл тек өмірді құтқаруға қосқан маңызды үлес үшін алғыс белгісі ғана емес, сонымен қатар мейірімділік пен қоғам денсаулығын таңдаған адамдарға көрсетілетін нақты қолдау.
18 жастан асқан азаматтардың салмағы 50 келіден жоғары және денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдер болмаса, қан мен оның компоненттерінің доноры бола алады. 
Қан тапсыруға ниет білдірген барлық азаматтар «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына бара алады (Өскемен, Көкжал Барақ көшесі, 11). 
Донорларды қабылдау уақыты: дүйсенбі жұма күндері сағат 8:30-дан 13:00-ге дейін, түскі үзіліссіз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив