A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 10:15 0

ШҚО-да «жасырын деректермен» куәландыру жобасы қарқын алды

Бүгін / ШҚО

Облыста мүгедектікке үміткер азаматтарды «жекелеген деректері жасырылған» форматта куәландыру жобасы белсенді жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бұл – 2021 жылдан бері енгізілген сырттай проактивті куәландыру жүйесі. Жоба сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын арттыруға бағытталған. 
ШҚО бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы Наталья Литкенің айтуынша, науқастарды куәландыру кезінде олардың жеке деректері толықтай жасырындалады.
– Емханадан жолдама берілген кезде науқастың аты-жөні, туған күні, мекенжайы секілді барлық жеке мәлімет алынып тасталады. Құжаттар автоматты түрде Қазақстанның басқа үш өңіріндегі сарапшыларға жіберіледі. Яғни біздің науқастарды өзге облыстар қарайды, ал біз басқа өңірлердің материалдарын қараймыз, – деді ол.
Маманның сөзінше, бұл тәсіл дәрігерлер арасындағы кез келген бейресми байланыстарды болдырмайды және шешімнің объективті болуын қамтамасыз етеді. 
Жүйе толықтай автоматтандырылған: құжаттарды өңірлер арасында жіберуге шамамен бес жұмыс күні, ал сарапшылардың қарауына үш күндей уақыт кетеді.
Қазіргі таңда жоба өңірде жақсы қарқынмен іске асып жатыр. 
Ресми мәлімет бойынша облыста қызмет көрсету үлесі 50 пайыздан асты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив