28-30 сәуір аралығында өңірде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы күндері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аударылып, қала сыртындағы тасжолдарда бақылау күшейтіледі.
Құқықбұзушылықтардың алдын алуға, жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу деректерін анықтауға, көлік құралын масаң күйде басқару фактілерінің жолын кесуге, жол-көлік оқиғаларын болдырмауға ерекше көңіл бөлінеді.
ШҚО Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтауға және тәртіп мәдениетін арттыруға шақырады.
Пікірлер