A+ A A-

talgatzhan 2 Бүгін, 12:20 0

ШҚО-да 22 адам өрттен көз жұмды

Бүгін / ШҚО

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері жылыту маусымын қорытындылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңірде тіркелген өрт оқиғалары

Аталған департаментке қарасты Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Медет Мұқашевтың сөзінше, биылғы жылыту кезеңінде облыстың тұрғын үй секторында 341 өрт тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен (349 жағдай) салыстырғанда 2,2%-ға төмен. Бірақ өрт саны азайғанымен, қайғылы жағдайлар азаймай тұр: тілсіз жаудың кесірінен 22 адам ажал құшып, тағы 22 тұрғын түрлі жарақат алған.
Мамандардың айтуынша, өрттің шығуы мен адамдардың көз жұмуына негізгі себеп – жұрттың салғырттығы. 
 – Өрттің 70%-ы тұрғындардың өз қателіктерінен болады. Соның ішінде 140 жағдай пешті, ал 82 жағдай электр құралдарын дұрыс пайдаланбаудан туындаған, – деп атап өтті спикерлер.
Сол үшін де Департамент өкілдері үй-үйді аралап, датчиктер орнатып жүр. Бірақ мұның пайдасын елемейтіндер де көп көрінеді. Құтқарушылар осы уақытқа шейін 92 мыңнан астам үй араланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
– Мектептерде 225 интерактивті сабақ өтіп, 12 мың бала өрт қауіпсіздігін үйренді. БАҚ пен әлеуметтік желілерде 1000-нан астам материал жарияланды, – деді азаматтық қорғау капитаны Тілек Манарұлы.

Жазатайым оқиға жиі болған аудандар
Әлеуметтік осал топтарға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Облыстағы 2 763 пешпен жылытылатын үй ерекше бақылауға алынған. Тексеру барысында 700-ден астам бұзушылық анықталып, жергілікті атқарушы органдар көмегімен пеш пен электр желілерін жөндеу жүргізілуде.
Жоғарыда датчик деп жазған едік. Соны толықтыра кетейік. Ресми ақпаратқа сенсек, биылғы маусымда үйлерге 680 көміртек тотығы датчигі орнатылды. Бұл кішкентай құрылғылардың маңызы зор: соңғы 6 жыл ішінде облыста орнатылған датчиктердің арқасында 45 адам (оның 31-і бала) ажалдан аман қалды. Жалпы, облыс көлемінде ыс тиіп, жазатайым оқиғалар үш ауданда жиі тіркелген: Алтай, Шемонаиха және Глубокое аудандары.
Құтқарушылар түтін құбырларын уақтылы тазалап, пеш үстіне киім кептірмеу керектігін ескертіп отыр. Желіге шамадан тыс жүктеме түсірмеу де маңызды.

Аяулым Сағиолда
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив