A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 15:00 0

ШҚО-да жол белгілері тексерілуде

Бүгін / ШҚО

20 сәуір-3 мамыр аралығында ШҚО Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы өңірдегі көлік жолдарының жағдайына кешенді тексеруде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аталған жұмыстар «ҚАЖсервис» ЖШС және «ОблШығысЖол» ЖШС жол ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп өтіп жатыр.
Көктемгі тексеру барысында мамандар республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарды қарайды. Жол белгілерінің техникалық жай-күйіне, олардың болуына, белгіленген талаптарға сәйкестігіне және жол қозғалысына қатысушыларға көрінуіне ерекше көңіл бөлінеді.
Сонымен қатар қыстан кейін пайда болған қауіпті ақауларды анықтау мақсатында жол төсемі тексерілуде. Бұдан бөлек, жол таңбаларының, қоршау бөгеттерінің және жол жиектерінің жай-күйі бағалануда.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпсіздікке әсер ететін кемшіліктерді дер кезінде жою.
Тексеру қорытындысы бойынша жол иелеріне және қызмет көрсетуші ұйымдарға анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі көрсетілген міндетті нұсқамалар беріледі.
Сондай-ақ тиісті талаптарды орындамаған жол қызметтеріне қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив