Бұл туралы Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма басшысы Сайран Уәлибекова мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, 95 кәсіпорынның қарызы 32 млрд 477 млн теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әдейі банкроттық белгілері анықталған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
– Банкроттық – сот шешімімен танылатын борышкердің төлем қабілетсіздігі. Бұл оны таратуға негіз болады. Рәсімнің негізгі мақсаты – заңнамада белгіленген тәртіп бойынша банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру, – деді Сайран Уәлибекова.
Банкрот деп тану ерікті және мәжбүрлі түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Яғни, борышкердің өзі өтініш берген жағдайда немесе кредиторлардың талап-арызы негізінде сот арқылы рәсім басталады.
Пікірлер