A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 17:40 0

ШҚО-да қосалқы құн салығының артық сомасын қайтаруға болады

Бүгін / ШҚО

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мамандардың айтуынша, енді бірқатар салық төлеуші ҚҚС-тың артық сомасын оңайлатылған тәртіппен қайтара алады. Салықтық мониторингте тұрған және жыл бойы нөлдік мөлшерлемемен салық салынатын операцияларды жүзеге асырған кәсіпкерлер осы мүмкіндікке ие. Егер мұндай операциялардың үлесі жалпы айналымның кемінде 50 пайызын құраса, олар да жеңілдетілген тәртіпті пайдалана алады.
Қайтару үшін салық төлеушінің орындалмаған хабарламалары болмауы тиіс. Сонымен қатар соңғы 12 ай ішінде салықтық тексеру нәтижесінде расталған артық сома болған жағдайда қаражат кері қайтарылады.
Департамент мәліметінше, оңайлатылған тәртіппен қайтару процесі 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Ал қаржылық жағдайы қиын азаматтар салықтар мен төлемдерге қатысты мерзімін ұзарту немесе бөліп төлеу мүмкіндігін пайдалана алады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив