A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 17:50 0

ШҚО-да «Талдау мектебіне» қабылдау жалғасуда

Бүгін / ШҚО

Өңірді дамытуға бағытталған бірегей білім беру алаңына өтінімдер қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Талдау мектебі» — экономика, экология, аумақтық даму, мәдениет және басқару салалары біртұтас жүйе ретінде қарастырылатын орта. Оқытудың нәтижесінде өңірлік және мемлекеттік саясатты қалыптастыруда қолдануға болатын талдамалық есептер мен ұсынымдар әзірленеді.

Жобаға жоғары білімі және кемінде 5 жыл кәсіби тәжірибесі бар, аналитикалық және стратегиялық құзыреттерін дамытуға қызығушылық танытатын мамандар қатыса алады. 

Өтінімдер 25 сәуір – 10 мамыр аралығында қабылданады. Оқу мерзімі: 23 мамыр – 27 маусым аралығы (6 апта). Сабақтар офлайн форматта, сенбі күндері өтеді. Толық ақпаратты @shygys_taldau парақшасы арқылы білуге болады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив