A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 18:45 0

ШҚО-да «Түлектердің ағаш егу» эко-челленджі өтеді

Бүгін / ШҚО

29 сәуір сағат 12:00-де «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елдің барлық өңірінде бір мезгілде «Түлектердің ағаш егу» эко-челленджі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған бастама «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып, елде заманауи экологиялық күн тәртібін қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі ретінде қарастырылады. 

Акцияның мақсаты – түлектерді қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тарту, экологиялық мәдениетті дамыту және табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.

Қазақстанның барлық білім беру ұйымында «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы» жарияланып, соның аясында «Халықаралық балалар кітабы күні», «Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні», «Ұлттық кітап күні» және басқа да бірқатар республикалық акция ұйымдастырылды. Бұл бастама өскелең ұрпақты кітап оқуға, қайырымды істерге баулуға, қоршаған ортаға деген қамқорлық пен экологиялық мәдениеттілік қалыптастыруға бағытталған. 

Сонымен қатар «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы аясында мектеп аумақтары мен қоғамдық кеңістіктерде (саябақтар, скверлер) тазалық жұмыстарын жүргізу қолға алынуда.

Экологиялық бастамаға ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов, 100 мыңнан астам 9 және 11 сыныптарының оқушысы қатысады. Челлендж аясында елдің барлық өңіріндегі мектеп түлектері білім беру ұйымдарының аумақтарында, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерде ағаш отырғызып, елдімекендерді көгалдандыруға және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға өз үлестерін қосады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив