Іздеуде жүрген кәсіпкер Анатолий Балушкиннің құрылысы бітпеген автозауыты облыс әкімдігі меншігіне өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Forbes-ке сілтеме жасап.
Аталған нысан наурыз айында электронды саудаға шығарылған болатын. Лотқа құрылысы аяқталмаған зауыт, жер телімдері, сондай-ақ кешен аумағындағы барлық ғимарат пен құрылыстар кірген.
Нысан Глубокое ауданында орналасқан. Мүліктік кешен шамамен 23,3 млрд теңгеге бағаланып отыр. Алайда бастапқы баға мен кепілдік жарна 0 теңге көлемінде белгіленген. Өйткені бұл классикалық сатылым емес, мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаларға беру рәсімі.
Айта кетейік, Анатолий Балушкин — «БИПЭК Авто Қазақстан» АҚ-ның негізін қалаушы. Forbes Kazakhstan дерегінше, 2020 жылы оның байлығы 153 млн доллар шамасында бағаланған.
Фото: Forbes.kz
Пікірлер