A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 16:30 0

ШҚО-да 3 инвесторға қатысты заңсыз айыппұлдар жойылды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

– Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеттің үйлестіруімен жер қойнауын пайдалану және агроөнеркәсіптік кешен салаларында жобаларды іске асырушы 3 компанияның құқығын қалпына келтірді.
Аталған кәсіпорындардың инвестицияларының жалпы көлемі 117 жұмыс орнын құрумен 8,4 миллиард теңгені құрайды, – делінген ресми хабарламада.
Мысалы, "Зайсан құрылыс компаниясы" ЖШС жер қойнауын пайдалану саласында есептілікті ұсыну тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Осыған ұқсас "Ертіс" ЖШС және "Altyn Shygys" ЖШС өсімдік шаруашылығын әкелінетін өнімдеріне қойылатын фитосанитарлық талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылып отыр.
Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, инвестициялық жобаларды іске асырушы инвесторларға қатысты әкімшілік істерді қозғауға тек прокурордың келісімімен ғана жол беріледі. Бұл жағдайларда мемлекеттік органдармен аталған талап сақталмаған.
Прокуратураның наразылықтарымен заңсыз қаулылар жойылған. Жіберілген бұзушылықтар үшін 3 лауазымды тұлға жалпы сомасы 648 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке айыппұл түрінде тартылды.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы ресми сайтында әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (707) 126-96-26 телефоны бойынша немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив