Облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығы өкілдері «Халық бухгалтері» республикалық акциясы әлі жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған науқан 5 қаңтардан бастап Қаржы министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Жауапты тұлғалар сөзінше, 30 маусымға дейін жалғасады. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында банкроттық тақырыбы да айтылған болатын.
– Бұл бастама – жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнеске арналған тегін кеңес беру қолдауы Акция аясында кәсіпкерлер Қазақстан Республикасы Салық кодексінің аясындағы сұрақтарға, салықтық есептілік, бухгалтерлік есеп, ақпараттық жүйелермен жұмыс тақырыптарында түсінікті әрі тәжірибелік кеңестер алады, – делінген ақпаратта.
Акцияға оффлайн форматта Өскемен қаласы, Назарбаев даңғылы, 86 мекенжайы бойынша орналасқан Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 3-қабатында қатысуға болады.
Басқа қалалар мен аудан тұрғындары үшін бейнебайланыс форматында кеңес алу мүмкіндігі қарастырылған. Байланыс нөмірі: 8 771 123 80 84.
– Акция апта сайын сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден 13:00-ға дейін жүргізіледі. Найқан шеңберінде кәсіби бухгалтерлер мен мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері консультациялық көмек көрсетеді, – делінген ақпаратта.
Пікірлер