Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың сөзінше, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа шеңберінде жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын, 10,5 мың жұмыс орнына арналған 101 инвестициялық жоба іске асырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Былтыр 60,4 млрд теңгеге 8 жоба қолға алынған еді.
- Осы жылы жылы 141,9 млрд теңгеге 27 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Ең ірілерінің қатарында «Востокмашзавод» АҚ ірі құю бойынша №10 цехты жаңғырту, мыс концентратын шығару бойынша Риддерде қайта өңдеу зауытын салу, Глубокое ауданында май өндіру жөніндегі жобаны пайдалануға беру, «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ-да өндірістік қуаттарды жаңғырту жобалары бар, - Нұрымбет Сақтағанов.
Аталған жобаларды іске асыру облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды. Олар экономиканы әртараптандыруға, жұмыс орындарын құруға және өңірдің инвестициялық белсенділігінің өсуіне оң әсер етеді.
- Минералды-шикізат базасын толықтыру мақсатында таяудағы 5 жыл ішінде Малеевское (Зырян КБК), Тишинское және Риддер-Сокольное (Лениногор КБК) сияқты кен орындарын игеру, Ново-Лениногор, Обручевское, Чекмар (Казцинк) кен орындарын іске қосу ниетіміз бар, - деді әкім.
Фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер