A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 12:05 0

ШҚО-да «Ауыл аманаты» бойынша 187 жоба қаржыландырылды

Бүгін / ШҚО

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласына 40,7 млрд теңге, азық-түлік өндірісіне 3,9 млрд теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов атап өткендей, былтыр агроөнеркәсіптік кешен саласында 41,5 млрд теңгеге 6 инвестициялық жоба іске асырылды. 

- Инвестициялық жобаларды несиелеу бағдарламасы бойынша 2,0 млрд теңге жеке инвестиция тарту арқылы, 3,0 млрд теңгеге 3 жоба бойынша несие берілді: «Елжас» ЖШС-ның 600 басқа арналған сүт-тауар фермасын жаңғырту және кеңейту, «Восток-Сүт» ЖШС-ның ірімшік өндірісін кеңейту және «TarbagataiAgro» ӘКК заманауи су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып суару. Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5 млрд теңгеге 187 жоба қаржыландырылды, - деді өңір басшысы. 

2025 жылы облыс бойынша 1 898 гектар алаңда су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша 5 жоба іске асырылды. 

- Жер ресурстарына деген көзқарас да өзгеруде. 2022-2025 жылдар аралығында 463,8 мың гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылды. 

Бұдан бөлек, облыста 3 негізгі дәнді, майлы және жемшөп дақылдарының сорттарын, күнбағыс пен соя будандарын өндірумен айналысатын 12 шаруашылық бар. 

- Бұл біздің аймақты ғана емес, көршілес өңірлерді де тұқыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы орайда гибридтер мен майлы дақылдарының түпнұсқа тұқымдарының үздік өндірісі жолға қойылғанын атап өткім келеді, - деді Нұрымбет Сақтағанов. 

Айта кетейік, бүгінде обылстағы шағын және орта бизнес саласында 153 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтылып отыр. Жыл сайын бизнесті қолдауға 80 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді.

Фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив