A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 13:40 0

ШҚО-да 7 мектеп салынып жатыр

Бүгін / ШҚО

Өткен жылы өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 мың орындық 7 заманауи мектеп салынды. Сондай-ақ Зайсан және Алтай аудандарында жаңа оқу орындары пайдалануға берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оффтейк-келісімшарт шеңберінде Тарбағатай, Маркакөл және Күршім аудандарында 280 орындық 5 білім ордасы ашылды. 

- Биыл 7 мектептің құрылысы жалғасуда. Атап айтқанда, оффтейк-келісімшарт шеңберінде Самар, Зайсан, Маркакөл, Күршім аудандарында 550 орындық 6 білім ошағы, әлеуметтік ынтымақтастық шеңберінде «Казцинк» компаниясымен келесімшарт аясында Риддерде 600 орындық бір мектеп, - деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов. 

2025 жылы «Қонақжай отбасы» жобасына Өскемен және Риддер қалаларынан, Глубокое, Шемонаиха және Алтай аудандарынан 140 бала қатысты. Олар Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарындағы 49 отбасында тұрды. Ал Зайсан және Тарбағатай аудандарынан келген 20 бала Шемонаиха ауданының отбасыларында тұрып, орыс тілін меңгеру деңгейін жақсартты. Биыл жобан тілдік лагерь форматында іске асырып, ауқымын одан әрі кеңейту жоспарлануда, - деді өңір басшысы. 

Бұдан бөлек, былтыр аймақта алғаш рет балаларды Шығыс Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасымен таныстыру мақсатында «Киелі Шығыс» жобасы іске асырылды. Оған 200 оқушы қатысты. 

- Жыл сайын түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі артып келеді. Мәселен, 2025 жылы олардың 86,8%-ы жұмысқа орналасты. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 4 колледжде 8 жаңа мамандық ашылды. Ал «Білікті маман» бағдарламасы аясында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 270 грант бөлінді, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив