A+ A A-

talgatzhan 15 Бүгін, 15:30 0

Самар мен Күршім ауданында өрт қаупі әлі жоғары

Бүгін / ШҚО

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, күннің ысуына байланысты аймақ аумағында өрт қаупі әлі бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, тәртіп сақшылары және жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған 50 мобильді топ жұмыс істеп жатыр.

– Қазір Күршім, Самар аудандарында және Өскемен қаласында өрт қауіптілігінің төртінші класы (ең жоғарғысы бес класс) тіркелген. Әуеден бақылау жұмыстарын жүргізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылуда. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 336 және 410-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, – делінген ақпаратта.

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Еңсегеновтің сөзінше, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – амандық кепілі. Табиғатқа да залала келмейді.  Қазір жеке тұрғын үйлердің, саяжай кооперативтері аумақтарын құрғақ шөптен, қоқыстан және басқа да жанғыш материалдардан уақтылы тазарту қажет.

Алдағы мамыр мерекелері кезінде тұрғындар табиғат аясында және саяжай учаскелерінде уақыт өткізетіндіктен, Департамент өкілдері азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. От жаққан кезде саяжай учаскелерінде міндетті түрде өрт сөндіргіш және көлемі кемінде 200 литр су құйылған ыдыс болуы қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив