Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында Туризм басқармасы басшысының орынбасары Ирина Смит айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Айтуынша, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,4%-ға жоғары.
- Оның ішінде отандық туристер саны 428,8 мың адамға, шетелдік туристер саны 18 мың адамға жетті. Қазір өңірде 412 орналастыру орны жұмыс істейді. Олар – қонақүйлер, демалыс базалары және басқа да объектілер. Осы көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан облысы республика бойынша 1-орын алады. Біржолғы сыйымдылығы 21 737 төсек-орын. Орналастыру орындары көрсеткен қызметтер көлемі 9,8 млрд теңгеге жетті. Бұл 2024 жылғы деңгейден 24%-ға жоғары. Туристік саланың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 21,6 млрд теңгені құрап, өсіумен 44,9%ға жетті, –деді Смит.
Пікірлер