Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың сөзінше, былтыр облыстың денсаулық сақтау саласына 39 млрд теңге бағытталды, дер хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Нысандардың құрылысына 26 млрд теңге бөлінді.
– 2025 жылы Риддерде 200 орындық стационары және ауысымына 500 адам қабылдайтын емханасы бар аурухана кешені, Қасым Қайсенов кентінде 150 адам қабылдайтын емхана іске қосылды. Өскеменде гематология орталығының құрылысы жалғасуда, - деді облыс әкімі.
Жалпы, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша 2023-2025 жылдары аймақта 36 медициналық нысан салынды.
– 3 млрд теңгеге 8 нысанға күрделі жөндеу жүргізу, материалдық-техникалық жай-күйін жақсарту және мамандарды шетелде оқыту жоспарлануда, - деді Нұрымбет Сақтағанов.
Пікірлер