Соңғы бір жылда өңірде 23 спорт нысаны пайдалануға берілді. Осылайша, халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 52,6%-ға артты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, биыл Өскеменде волейбол орталығын, Риддер мен Зайсан қалаларында дене шынықтыру және денсаулық сақтау орталықтарын, Зайсан ауданындағы Сарытерек ауылында спорт модулін салу жоспарлануда.
Мәдениет саласына келетін болсақ, былтыр аймақта бірқатар маңызды іс-шара өтті: «Хасырлық дәстүрлер» ұлттық кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер фестивалі, ақындар фестивалі, «Шығыс шығармашылық орталығы» шығармашылық салалар форумы, «Алтай-Алтын бесігім» халықаралық ақындар айтысы, «Алтай-Түркін бесігі» халықаралық музыка фестивалі, «Шығыс салбурыны-2025» халықаралық этномәдени фестивалі, «Аяз ата, Ақшақар» халықаралық фестивалі және «Туған жер – Алтын бесігім» науқаны.
Ал театр труппалары халықаралық гастрольдік жобаларға, түрлі фестивальдерге белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Пікірлер