Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың сөзінше, өткен жылы тұрғын үй құрылысына 71,4 млрд теңге инвестиция салынып, 407 400 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Былтыр бюджет қаражатынан тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшін 571 пәтер салынып, сатып алынды.
– Биыл 173 әлеуметтік осал топқа жататын, көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, - деді Нұрымбет Сақтағанов.
Сондай-ақ «Шығыс Маманы» жобасын іске асыруға 1 млрд теңге бөлінді.
– 2025 жылы «Отбасы банкі» АҚ арқылы 48 ипотекалық несие берілді. Облыс әкімінің резервін пайдалана отырып, Глубокое ауданындағы Белоусовка кентінде төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындар үшін 25 пәтер сатып алынды, - деді аймақ басшысы.
Пікірлер