Былтыр облыста сумен жабдықтау, ағынды суларды бұру нысандарын салу және қайта жаңартуға 12 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
350 шақырымнан астам желі салынып, қайта жаңартылды. Бұл сумен жабдықтау желілерінің тозуын 45%-ға, ал кәріз желілерінің тозуын 66%-ға төмендетті.
– Биыл коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және тозуын азайту жұмыстары жалғасуда, - деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Ал өткен жылы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында Катонқарағай ауылы, Қ.Қайсенов кенті, Таврия ауылында жылу желілерін қайта жаңарту аяқталды.
Үкімет қолдауымен Риддер жылу электр орталығында, Жаңа Бұқтырма және Қ.Қайсенов кентінің жылу желілерінде 5,7 млрд теңгеге жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Пікірлер