A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 10:35 0

ШҚО-дағы Шалқар көлінде ер адам суға батып кетті

Бүгін / ШҚО

1 мамыр күні үшінші Сібе көлінде қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт құтқару кеудешесін кимей, үрлемелі жүзу тақтасымен суға шыққан. Алайда ол жағаға қайтып оралмады, ал жүзу тақтасы су бетінде табылды.
Қаза болған азаматтың 2001 жылы туғаны белгілі болды. Денесі әлі табылған жоқ. 
– Іздеу жұмыстарына арнайы сүңгуірлер мен барлық қажетті құрал-жабдық жұмылдырылды. Көлдің тереңдегі айтарлықтай үлкен болғандықтан, іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда, - делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде. 
Айта кетейік, Шалқар көлі – Сібе көлдерінің ішіндегі ең ірісі әрі ең тереңі. Ондағы су жаздың ең ыстық күндерінің өзінде салқын болады және жиі жел соғады. Сондықтан құтқарушылар демалушыларға суда қауіпсіздік ережелерін сақтауды, құтқару кеудешесін киюді және ауа райы жағдайларын назарға алуды еске салады. 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив