A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 11:20 0

ШҚО-да бір күнде екі бала жоғалып кетті

Бүгін / ШҚО

Оларды іздестіру жұмыстары Өскемен қаласы мен Шемонаиха ауданында жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

2 мамыр күні таңертең «102» арнасына 4 жастағы баланың жоғалғаны туралы қоңырау түсті. Бұл туралы оның 20 жастағы әпкесі мәлімдеді.
- Анықталғандай, баланың ата-анасы қонаққа кетіп, оны әпкесінің қарауына қалдырған. Бүлдіршін аулада ойнап жүрген, ал әпкесі оны терезеден бақылап отырған. Алайда бірнеше минутқа ғана назарын басқа жаққа аударған сәтте, інісі көзден ғайып болды, - делінген ШҚО Полиция департаментінің мәліметінде. 
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, полиция қызметкерлері жақын маңдағы аулаларды тексеріп, өтіп бара жатқан адамдардан сұрастырып, дүкендерді аралады. Ойыншықтар дүкендерінің бірінде жасырынып қалған бала бір жарым сағатқа жетпей табылды.  
Болған оқиғадан кейін бүлдіршіннің туыстарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ дәл сол күні Шемонаиха ауданының тұрғыны 6 жастағы қызының үйден шығып кеткені туралы хабарлады. 
- Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында баланың орналасқан жері 30 минут ішінде анықталды. Қыз бала үй маңындағы саябақтан табылып, ата-анасына аман-есен жеткізілді. Оның өмірі мен денсаулығына төнген қауіп жоқ, - деді ШҚО Полиция департаментінің өкілдері.

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив