A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 15:20 0

ШҚО-да кәсіпкерлік мемлекет қолдауымен қарқынды дамып келеді

Бүгін / ШҚО

Өткен жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өңір экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 24%-дан асып, 856 млрд теңгені құрады. Бүгінде облыста 59 мың бизнес субъектісі жұмыс істейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Инвестиция көлемі де артып, 130 млрд теңгеден асты. Соның нәтижесінде 157 мың адам еңбекпен қамтылды.
Былтыр ШОБ-тың 285 жобасына субсидиялар, гранттар, несиелерге кепілдік беру және инженерлік инфрақұрылым тартуға көмек көрсетілді. Мысалы, 129 жобаға жалпы 1,2 млрд теңге көлемінде субсидия берілді. Тағы 144 жоба несиелер бойынша кепілдік алды. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне 11 мемлекеттік грант жалпы сомасы 49 млн теңгеге жуық көлемде берілді.
Бұдан бөлек, аймақта бизнесті жергілікті деңгейде қолдау тетіктері белсенді жұмыс істеуде. Өткен жылы 312 бизнес жобасы 58 млрд теңгеден астам сомаға қолдау тапты.
Ал «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 115 кәсіпкерлік бастама 1,5 млрд теңгеге қаржыландырылды. Қаражаттың 70%-дан астамы туризм, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларына бағытталды. Салалар бойынша көшбасшылар: туризм – 46 жоба (805,4 млн теңге), ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет түрлері – 27 жоба (280,6 млн теңге), ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу – 20 жоба (168,7 млн теңге). Сонымен қатар техника сатып алу, өсімдік шаруашылығы және құс шаруашылығы салаларында 22 жоба іске асырылды. Бағдарлама нәтижесінде 246 тұрақты жұмыс орны құрылды.
ШҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметінше, осы жылдың 29 сәуіріндегі жағдай бойынша 48 өтінім 882 млн теңге сомасына мақұлданған. 35 жоба жалпы 624 млн теңге көлемінде қаржыландырылып, іске асыру кезеңіне өтті.
Биыл бағдарлама аясында 4,5 млрд теңге көлемінде айтарлықтай қаржыландыру қарастырылған. Бұл қаражат 245 жаңа жобаны қолдауға мүмкіндік беріп, шамамен 370 қосымша жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив