A+ A A-

talgatzhan 1 Бүгін, 14:30 0

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері тыл ардагерлерін құттықтап қайтты

Бүгін / ШҚО

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Амангелді Еңсегенов пен ведомство қызметкерлері тыл еңбеккерлерімен жүздесіп, сый-құрмет көрсетіп қайтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Зоя Ларионова соғыс басталғанда анасы мен екі әпкесімен бірге колхозда еңбек ете бастаған. Ол сол кезде небәрі 9 жаста болды. Майдан үшін жұмыс істеп, егістік даласындағы барлық өнімді жинаған. Тұрмыстары қарапайым, барға қанағат еткен шаңырақ. Соғыстан кейін Зоя Ларионова өрт сөндіру бөліміне жұмысқа орналасып, осында диспетчер ретінде 29 жыл еңбек еткен.
– Әріптестерімнің мені ұмытпай келетініне өте ризамын. Қазіргі құтқарушылардың заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілгені қуантады. Маған мұны көру шын қуаныш, ал жігіттерге осындай жағдайда жұмыс істеу жақсы, – деді ол.
Сондай-ақ, Жеңіс күнімен майдангердің жесірі Нина Таланованы да құттықтады. Нина Таланова тыл еңбеккері ретінде Жеңіске өз үлесін қосып, майдан үшін аянбай еңбек еткен.
Аудандық бөлімшелердің жеке құрамы да тыл еңбеккерлері мен соғыс қатысушыларын барып құттықтады. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратынша, осындай жылы кездесулер – ерлікке толы өткен тарихты еске салу символы саналады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив