A+ A A-

talgatzhan 32 9-05-2026, 09:00 0

«Таза Қазақстан»: Шығыста жаңа экосаябақ бой көтерді

Бүгін / Басты / ШҚО

8 мамыр күні Өскемендегі «Шешек асуы» демалыс аймағында облыс картасына ұқсайтын  «Таза Қазақстан»  экологиялық саябағы ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жалпы аумағы жеті жарым мың шаршы метрден асатын жерге өңірдегі қала, аудандардан белсенді жастар, еріктілер келіп, 8000 көшет отырғызды. 
Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – саябақты абаттандыруға бюджеттен қаражат жұмсалмаған.

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, өңірде тағы үш экопарк салу жоспарда бар. Сонымен қатар кәсіпкерлер қолдауымен саябаққа тамшылатып суару жүйесі орнатылмақ.

- Бұл бастама тек қоршаған ортаны тазартумен шектелмейді. Ол адамдарды бірлікке, туған жерге жанашырлықпен қарауға үндейді, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында облыстың қала-аудандарында көгалдандыру, көшелерді тазарту және қоғамдық орындарды жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев аудан көлемінде абаттандыру бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынғанын айтты. Оның сөзінше, биыл аудан бойынша 9500 түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Бұқтырма жағалауында жаңа арбат салып, ауылдарды жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.
Экологиялық саябаққа аймақтағы жоғарғы оқу орындарының студенттері де өз ағаштарын екті.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен “Таза Қазақстан”  мемлекеттік бағдарламасын жан-жақты қолдап, аудандардан қаншама адам келіп отыр. Бұл біздің береке-бірлігімізді, еңбекке деген адалдығымызды көрсетеді, - деді С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Фото: ШҚО әкімдігі баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив