️Шығысқазақстандық айтыскер ақын Жұлдызай Маратбек Қызылорда қаласында өткен «Алты Алаштың арысы – Ер Жалаңтөс» республикалық ақындар айтысында бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған сөз жүйріктерінің сайысында кілең сайдың тасындай ақындар жиналған. Солардың ішінен суырылып алға шыққан жерлесіміз Шығыс өнерінің абыройын тағы бір мәрте биіктетті.
- Шығыс Қазақстанда айтыскерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Жыл сайын облыста республикалық, халықаралық екі айтысты өткізіп отыру жолға қойылған. Таяуда «Алтайым - алтын бесігім» атты республикалық командалық айтыста облыс ақындары мен дәстүрлі өнерпаздары қарағандылық қарсыластарынан басым түскен болатын, - делінген ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінде.
Пікірлер