A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 11:00 0

ШҚО-да 300-ден астам жас сарбаз әскери ант қабылдады

Бүгін / ШҚО

10 мамыр күні ҚР ҰҚК ШҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне қарасты Зайсан және Күршім аудандары бойынша Шекара басқармаларында «Көктем–2026» әскери шақырылымының жас сарбаздары әскери ант қабылдау рәсімін өткізді, , деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Салтанатты іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ҚР ҰҚК ШҚ ШҚО бойынша департаментінің басшылығы, Зайсан және Күршім шекара басқармаларының командирлері мен жас сарбаздардың ата-аналары қатысты.

Биылғы «Көктем–2026» шақырылымында Астана, Шымкент қалаларынан және Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарынан келген 300-ден астам жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге серт берді.

Ант қабылдау рәсімі саптық алаңда салтанатты жағдайда өтті. Іс-шара барысында әскери қызметтің абыройы мен жауапкершілігі туралы айтылып, жас сарбаздарға алдағы қызметтерінде табыс пен шыдамдылық тіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив