A+ A A-

talgatzhan 41 Кеше, 11:15 0

ШҚО-да балабақшадан 40 млн теңге жымқырылған

Бүгін / ШҚО

Үлкен Нарын ауданының прокуратурасы «Малонарым ауылының балабақша-бөбекжайы» КМҚК-да тексеру жүргізу барысында балабақша есепшісінің 3 жыл бойы өзінің және меңгерушінің шотына артық жалақы сомаларын, сондай-ақ салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуге арналған қаражатты аударып келгенін анықтады, , деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Ұзақ уақыт бойы білім беру мекемесінің 18 қызметкері үшін жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар төленбеген.

Жалпы алғанда, балабақша меңгерушісі мен есепшісінің шоттарына 42 млн теңгеден астам қаражат заңсыз аударылған.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив