«Шығыстүстімет» ЖШС-на қарасты Артемьев шахтасында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 9 мамырда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң-желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап кеткен. Салдарынан жұмысшы өмірімен үйлеспейтін ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша арнайы комиссия құрылып, жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін тергеу басталды.
Компания марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Пікірлер