A+ A A-

talgatzhan 20 Бүгін, 15:25 0

ШҚО-да биыл 16 әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Ерназ Мұқатаевтың айтуынша, биыл өңірде әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды түрде іске асуда. Негізгі басымдық – 2025 жылдан басталған жобаларды аяқтап, пайдалануға беру.
– Биыл 16 нысанды аяқтау жоспарланған. Оның ішінде білім беру саласында – 1, денсаулық сақтау саласында – 7, спорт бағытында – 4, мәдениет саласында – 1 және басқа да 4 нысан бар, – деді Ерназ Мұқатаев. 
Сонымен қатар облыста жаңа әлеуметтік жобалардың құрылысы басталады. Атап айтқанда, Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде 600 орындық мектеп, Зайсан қаласында 300 орындық білім ордасы, Сарытерек ауылында спорт модулі және Өскеменде 400 орындық тергеу изоляторын салу жоспарлануда.
Ал Өскемендегі Гематология орталығы құрылысының 97 пайызға аяқталды. Ана мен бала орталығын қайта жаңарту жұмыстарының дайындығы 70 пайызды құрады. Бозанбай ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы 98 пайызға аяқталды.
Айта кетейік, бірқатар нысанды пайдалануға беру 2026–2027 жылдарға жоспарланған.

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив