Манат ауылының тұрғындары үшін таңқурай алқабын отырғызу жобасын сәтті жүзеге асырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған жоба ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасымен қолға алынып, ауылдарды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындар үшін тұрақты табыс көзін қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара аясында таңқурай көшеттері отырғызылып, жобаны алдағы уақытта кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар жастардың ауылға оралуына және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Осындай бастамалар жастарға кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа мүмкіндіктерді игеруге және туған жерінде еңбек етуге үлкен серпін береді.
Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, ауыл тұрғындары мен жастар белсенді қатысты. Кездесу жылы әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, ауылдың болашағына деген сенім мен бірлікті нығайтты.
Мұндай жобалар ауылдың кешенді дамуына, халықтың жұмыспен қамтылуына және өңір экономикасының нығаюына өз үлесін қоса береді.
Пікірлер