9 мамырдан бастап Бұқтырма су қоймасында Васильев паром өткеліндегі «Одесса» паромы іске қосылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ол Үлкен Нарын және Самара аудандарын байланыстырады.
Паром күн сайын Үлкен Нарын жағалауынан сағат 07:00, 09:00, 11:00, 13:00, 15:00, 17:00, 19:00, 21:00-де қатынайды. Ал Самар жағалауынан сағат 08:00, 10:00, 12:00, 14:00, 16:00, 18:00, 20:00 және 22:00-де жүреді.
Биыл тарифтер жаңартылды. Бұдан былай жол жүру ақысы қозғалтқыш көлеміне емес, көлік түріне байланысты анықталады.
Пікірлер