A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:00 0

ШҚО әкімі Қазақстан-Түркия бизнес форумы аясында бірқатар жұмыс кездесуін өткізді

Бүгін / Басты / ШҚО

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға ресми мемлекеттік сапармен келген болатын. Екі ел басшыларының қатысуымен Қазақстан-Түркия бизнес форумы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Форум барысында мемлекеттердің бірлесе іске асырып жатқан инвестициялық жобалар туралы айтылды. Соның нәтижесінде елімізге 920 млн доллардан астам инвестиция тартылып, 3100-ден аса жұмыс орны ашылмақ.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов аталған бизнес форум аясында бірқатар жұмыс кездесуін өткізді. Соның барысында өнеркәсіп саласында нақты келісімдерге қол жеткізілді.
Ақорданың баспасөз қызметінің дерегінше, Қазақстан мен Түркияның мәдени-гуманитарлық байланыстары жылдан жылға күшейіп келе жатыр. Атап айтқанда, 2023 жылы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Газиантеп провинциясында Қазақстан бастамасымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылды. 
Астанада және Алматыда «Маариф» қорының мектептерін ашу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстанның бірқатар аймағында туризм саласына маманданған түрік компаниялары табысты жұмыс істеп жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив