A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 12:20 0

Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан – ШҚО-да сарып ауруы тіркелген аудандар аталды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Былтыр өңірде сарып ауруының 28 жағдайы тіркеліпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есе төмен. Ресми дерекке сенсек, Глубокое, Зайсан, Үлкен Нарын, Күршім, Марқакөл, Тарбағатай, Ұлан, Катонқарағай аудандары мен Өскеменде анықталған.
– 2024 жылы өңірде 40 жағдай тіркелген болатын. Аурудың негізгі бөлігі ауылдарда тіркелген. Жалпы жағдайлардың 85,7 пайызы еңбекке қабілетті жастағы азаматтарға тиесілі. Сонымен қатар, Зайсан ауданында 14 жасқа дейінгі балалар арасында бір жағдай анықталса, жасөспірімдер арасында Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында бір-бір жағдайдан тіркелді, - деді Сәуле Слямғазина. 
Анықталғандай, әр жағдай бойынша эпидемия мен эпизоотияға қарсы шаралар ұйымдастырылды. Өңірде барлығы 27 инфекция ошағы анықталып, олармен байланыста болған 78 адам тексеруден өтіп, алты айлық диспансерлік бақылауға алынды.
Ошақтардан алынған 123 сынаманың 24-і оң нәтиже көрсетті. Эпидемиологиялық тексеру көрсеткендей, алты жағдайда инфекция ұсақ малдан тараса, 19 жағдайда ірі қара себепші болды. Заңбұзушылықтарға байланысты жауапты тұлғаларға екі әкімшілік айыппұл салынды, - деді басқарма өкілі. 
Ал жыл басталғалы облыста сарыптың бес жағдайы тіркелді. Оның төртеуі Тарбағатай ауданында, біреуі Зайсан ауданында анықталған. 
Өңірде құтырма ауруына қатысты жағдай мәз емес көрінеді.
– Тарбағатай ауданында жануарлар арасында құтырманың бір ошағы анықталған. 2026 жылдың алғашқы кезеңінде жануарлар арасындағы құтырма ошақтарының саны артты. Барлығы 17 күдікті ошақ тіркеліп, олармен байланыста болған 80 адамға антирабиялық көмек көрсетілген, – деді Сәуле Есенгелдіқызы. 
Оның айтуынша, өткен жылы облыстың медициналық ұйымдарына жануарлардың тістеуі мен тырнауынан зардап шеккен 2540 адам жүгінген. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Зардап шеккендердің басым бөлігін ит қапқан. Мысықтардың тістеуі мен тырнауынан 17,4 пайыз адам зардап шекті.
Мамандар тұрғындарды жануарлармен байланыс кезінде сақтық шараларын сақтап, үй жануарларын уақтылы вакцинациялауға шақырады. 
Облыста құтырмаға қарсы профилактикалық вакцинация жалғасуда. Былтыр тәуекел тобындағы 569 адамға екпе салынса, 2026 жылдың бірінші тоқсанында 99 адам вакцина алған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив