A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 14:20 0

ШҚО-да 11 елдімекенге селден қауіп төніп тұр

Бүгін / ШҚО

Облыстың таулы аймақтарында сел қаупі кезеңі басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мамандардың сөзінше, өңірде сел жүруі ықтимал 13 өзен бассейні бар. Олар Зайсан, Катонқарағай аудандарында, Риддер қаласы мен Алтай ауданында орналасқан. Жалпы саны 144 мореналық көл 13 сел ошағын қалыптастырып отыр. Бұл 11 елдімекенге қауіп төндіруі мүмкін.

"Қазселденқорғау" мекемесінің мамандары сел көбіне нөсерлі әрі ұзақ жауын-шашыннан кейін немесе күшті жер сілкінісі болған жағдайда жүруі мүмкін екенін ескертті. Сел қаупі кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 15 мамырдан бастап 9 гидробекет жұмысын бастайды. Бұдан бөлек, Катонқарағай ауданындағы Сарымсақты өзенінде жыл бойы жұмыс істейтін бір гидробекет бақылау жүргізеді.

Гидробекеттерден тәулігіне үш рет сел қаупі бар аумақтардағы гидрометеорологиялық жағдай туралы ақпарат беріліп отырады.

ТЖД мен "Қазселденқорғау" өңір тұрғындары мен туристерге сел және көшкін қаупі бар таулы аймақтарға барудан уақытша бас тартуға кеңес берді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив