A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 18:00 0

ШҚО-да кезекті рекорд орнады

Бүгін / Басты / ШҚО

14-17 мамыр аралығында Өскеменде «Ғасырлық дәстүрлер» кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының халықаралық фестивалі өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ауқымды іс-шараға Әзірбайжан, Ресей, Қытай, Түркия, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан және Таулы Алтай мемлекеттерінен және өзге өңірлерден 800-ден астам қолөнер шебері келді. Сондай-ақ ҚР Материалдық емес мәдени мұрасын қорғау жөніндегі Ұлттық комитетінің мүшелері де атсалысуда. 

Фестивальдің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Өңір басшысы қолөнердің ұлттық мәдениет пен рухани мұраны сақтаудағы ерекше рөліне тоқталды. 

- Дана халқымызда “Шебердің қолы ортақ” деген аталы сөз бар. Қолөнер – тек шебер қолдың туындысы ғана емес, халықтың жанын, болмысын, тарихын сөйлететін сырлы тіл. Құрақ көрпе мен оюлы текеметтің әр өрнегінде ұлттың дүниетанымы, әр иірімінде ғасырлар ізі бар. Бұл өнер өткен мен бүгінді жалғап, келешекке жол ашатын ұлттық құндылық. “Аламан құрақ”жобасы аясында ұлттың ұлы мұрасы саналатын құрақ құрау өнерін жаңғыртып халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған игі бастама сәтті іске ассын, - деді әкім. 

Бұдан соң аймақ басшысы фестивальге белсене қатысқандар мен жеңімпаздарды марапаттады. 

Фестиваль аясында «Восток» стадионында ұзындығы екі шақырымнан асатын Аламан құрақ көрпе жайылып, «Global Best of Records» халықаралық рекордтар кітабына енгзілді. 

Сонымен қатар шеберлік сағаттары, тақырыптық көрмелер мен шығармашылық зертханалар, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу, қала және аудандардағы мәдениет қызметкерлері үшін бейінді оқыту семинары ұйымдастырылуда. 

Ал арнайы концертте этникалық музыка шеберлері өнер көрсетіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив