Шығыс Қазақстан облысында маусым айына арналған ауа райы болжамы жасалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының мәліметіне сүйенсек, маусым айының басында өңірде түнде үсік жүруі әлі де сақталып, ауа температурасы минус 1-6 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
– Кейін күн біртіндеп жылына бастайды: түнде +8…+13°С, күндіз +24…+29°С болады. Екінші онкүндіктің басында ауа температурасы одан әрі көтеріліп, күндіз аптап ыстық +32…+37°С-қа дейін жетеді, - делінген ақпаратта.
Кейін температура сәл төмендейді. Нақты айтқанда, түнде +10…+15°С, күндіз +26…+31°С шамасында болады.
– 20-30 маусым аралығында ауа температурасы құбылмалы болады. Түнде +10…+15°С-тан +18…+23°С-қа дейін, күндіз +26…+31°С пен +32…+37°С аралығында болады. Қысқа жаңбыр бірінші онкүндікте, екінші онкүндіктің ортасы мен соңында, үшінші онкүндікте жиі жауады, - делінген хабарламада.
Кей кездері жаңбырмен бірге найзағай соғады. Ай соңында бұршақ жаууы да ықтимал.
Пікірлер