A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:35 0

ШҚО-да биыл 400-ге жуық адамды ит қапқан

Бүгін / ШҚО

Өңірде жыл басынан бері 400-ге жуық адам иттерден зардап шекті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен мәлім етті.

– Өңірде биыл жануарлардың тістеуі, тырнауы және сілекейінің тиюі салдарынан 526 адам медициналық көмекке жүгінді. Өткен жылдың осы кезеңінде мұндай 441 жағдай тіркелген. Яғни, көрсеткіш біршама өсіп отыр, - делінген ақпаратта.

Азаматтардың 387-сі иттен, 113-і мысықтан, ал қалғандары басқа жануарлардан зардап шеккен.

– Адамға зиян келтірген 500 ит пен мысықтың 264-і (52,8%-ы) иесіз жануарлар. Осы ретте, тұрғындарға жануарлар тістеп немес тырнап алған жағдайда дәрігерлерге барып қадалу қажеттігін ескертеміз, - делінген хабарламада.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив