Алматыға еліміздің кіл мықты палуандары жиналып, шиеленісті белдесулер жиі тіркелуде. 86 келіге дейінгі салмақтың финалында шығысқазақстандық еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков қарағандылық Асхаб Хаджиевті айқын ұтып, чемпион атанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жерлесіміз барлық дерлік белдесуін айқын басымдықпен өткізді. Іріктеуден іркілмей өтіп, жартылай финалда маңғыстаулық Навруз Ахмедхановтан басым түскен.
Ал финалда қарағандылық Асхаб Хаджиевпен кездесіп, мерзімінен бұрын жеңді. Айтуынша, қарсыласқа сәтті шабуыл жасап, сол әрекетін соңына дейін жеткізді. Жалпы, Алматы биылғы Әлем чемпионатын өткізуге үміткер қалалардың бірі болып болып отыр. Егер әлемдік аламан Қазақстанда өтсе, жерлесіміз 86 келіге дейінгі салмақтың фавориті болары сөзсіз.
Азамат Дәулетбеков – елдегі еркін күрестің ең белді өкілдерінің бірі. Еншісінде әлем чемпионаттарының екі қола жүлдесі бар. Ол бұл медальдарды 2022 және 2023 жылдары Белградта өткен дүниежүзілік біріншіліктерде жеңіп алған.
Әділхан ЕСІМХАНОВ
Фото: Nur.kz
Пікірлер