A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:30 0

ШҚО-да мектеп бітіру кешін өткізуге тыйым салынды – Қуат Оқасов

Бүгін / Басты / ШҚО

Өскеменде облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтіп жатыр. Оған өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов, басқарма басшылары, қала және аудан әкімдері қатысуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов 2025-2026 оқу жылының аяқталуы туралы ақпаратпен бөлісті. 
– Биыл облыстағы мектеп түлектеріне аттестат табыстау рәсімі 17-18 маусым күндері өтеді. Барлық іс-шара білім ошағы қабырғасында ұйымдастырылуы тиіс. Мектептен тыс жерде банкет, көлікпен серуендеу сынды шараларды өткізуге тыйым салынды, – деді Қуат Барысұлы. 
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов балалар қауіпсіздігі мен ҰБТ тапсыру кезінде барлық қажетті жағдайдың болуын қадағалауды тапсырды. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА
Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив