A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 11:15 0

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін / ШҚО

Облыстық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Әсет Сұлтанов тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Әсет Бейсенұлы 1985 жылғы 27 қазанда Жарма ауданының Шар қаласында дүниеге келген.
2008-2011 жылдары Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «Жол қозғалысын ұйымдастыру» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы Жарма ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде инспектор болып бастады.
Әр жылдары «Өскемен-Тәртіп» коммуналдық кәсіпорнында инженер, Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, «ОблШығысЖол» ЖШС директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
Бұған дейін Әсет Сұлтанов ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасында өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

Фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив