A+ A A-

talgatzhan 21 Бүгін, 16:00 0

ШҚО-да биыл бес мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді

Бүгін / Басты / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгінде өңірде 347 мемлекеттік мектеп және 7 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Онда 99 мыңнан астам бала білім алады. 

- Оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. 8848 оқушы 9 сыныпты аяқтайды. Оның ішінде 860 түлек ерекше үлгідегі аттестат алуға үміткер. Тағы 4070 түлек колледждерге түсуді жоспарлап отыр. Биыл 5192 оқушы мектеп бітіреді. 494 түлек «Алтын белгі» белгісіне, 439 оқушы үздік аттестат алуға үміткер. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеуге 4 377 түлек қатысуды жоспарлап отыр, - деді Қуат Оқасов. 

Түлектерге ҰБТ-ны бес рет тапсыру мүмкіндігі беріледі: оның екі мүмкіндігі білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ең үздік нәтижені ұсынуға арналса, тағы үш мүмкіндік жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қарастырылған. ҰБТ С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің бас ғимаратында өтеді.

- 9 (10) сынып оқушылары мемлекеттік емтихандарды 29 мамыр-11 маусым аралығында, 11 (12) сынып оқушылары 2-15 маусым аралығында тапсырады.  «Алтын белгіге» үміткерлердің құжаттары арнайы комиссиямен белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша тексерілді. Денсаулық жағдайына және өзге де дәлелді себептерге байланысты емтихандардан босатылатын оқушылардың тізімі қалыптастырылуда, - деді Білім басқармасының басшысы. 

Айта кетейік, қазір 1 сыныпқа қабылдауды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Құжаттарды қабылдау 10 маусым-31 тамыз аралығында жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив