A+ A A-

talgatzhan 20 Бүгін, 16:10 0

ШҚО-да 68 мектеп автобусын жаңарту қажет

Бүгін / ШҚО

ШҚО Білім басқармасының ақпаратынша, жаңа оқулықтарды сатып алуға 450 млн теңге қарастырылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл 500 млн теңгеге бір мектепті күрделі жөндеуден, 945,6 млн теңгеге 41 білім беру ұйымын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған.

- Бүгінде 33 нысан бойынша шарт жасалып, 9 нысан бойынша конкурстық рәсімдер жалғасуда. 3 ғимараттағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қалғандарында жұмыстарды жаңа оқу жылы басталғанға дейін демалыс кезінде бастау жоспарланып отыр, - деді ШҚО Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов. 

2025 жылы 30 мектепке жаңа модификациядағы 40 пәндік кабинет сатып алынды. Ал осы жылы 25 білім ордасына 35 пәндік кабинет сатып алу жоспарланған. Қазір 22 кабинет бойынша конкурстар аяқталып, 61,7 млн теңгеге 6 кабинет жеткізілді, ал 13 кабинет бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

- Балаларды тасымалдауға арналған автобус паркін жаңарту мәселесі өзекті болып отыр. Облыста 2000–2015 жылдары сатып алынған және пайдалану мерзімі 7 жылдан асқан 68 көлікті ауыстыру қажет. Мектеп автобустарын жаңарту, әсіресе ауылдар мен шалғай аудандарда оқушыларды тасымалдауда қауіпсіздік пен қолайлылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді басқарма басшысы. 

Айта кетейік, өңірде 211 балабақша және 168 шағын орталық жұмыс істейді. Жазғы кезеңде кезекші топтардың жұмысы ұйымдастырылады: маусым айында – 172 балабақшада (754 топ, 17 314 бала), шілде айында – 108 балабақшада (480 топ, 10 994 бала), тамыз айында – 130 балабақшада (568 топ, 12 977 бала).

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив