A+ A A-

talgatzhan 20 Бүгін, 17:05 0

ШҚО-да рұқсат етілген 23 шомылу орны бар

Бүгін / ШҚО

Облыс әкімдігінің отырысында ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рашид Блялов жазғы туризмге және шомылу маусымына дайындық барысы туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгінгі таңда өңірде жаппай демалуға және шомылуға арналған 23 аумақ анықталды. Оның ішінде 9 коммуналдық, 8 жеке, 1 муниципалды жағажай бар.

- Су айдындарында халықтың қауіпсіздігін дайындау және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары» әзірленіп, орындалуда. Бүгінгі таңда ШҚО ТЖД-ға сүңгуірлік жұмыстарды жүргізуге 11 өтінім келіп түсті. Тексеру осы айда қолға алынады, - деді Рашид Блялов,

Облыс акваторияларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 5 құтқару бөлімшесі жұмыс істейді. Сондай-ақ шомылу маусымы кезеңінде Самар ауданына қарасты Сарыбел округінің әкімшілік аумағында жылжымалы өрт және құтқару бекетін қою жоспарлануда.

Суға шомылу маусымы кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ШҚО ТЖД полиция қызметкерлерімен, ЖАО және еріктілермен рейд пен патрульдеу жүргізеді. Сондай-ақ биыл Өскеменде, Алтай және Самар аудандарында профилактикалық шаралар өткізу үшін ТЖМ 68303 ә/б 2-ші құтқару батальонын тарту жоспарлануда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив