A+ A A-

talgatzhan 20 Бүгін, 17:10 0

ШҚО-да суда 3 жазатайым оқиға тіркелді

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рашид Блялов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, жыл басынан бері өңірде 3 жазатайым оқиға тіркелді. 1 мамырда Шалқар көлінде, 3 мамырда Өскемендегі Үлбі өзенінде 2 адам суға батып кетті. 

- Жыл басынан ҚР ӘҚБтК 412-бабы бойынша 69 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 044 487,5 теңге айыппұл салынды. Негізінен жабдықталмаған жерде шомылу, балалардың ересектердің қарауынсыз жүруі, мас күйде суға түсу, жүзу құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау фактілері тіркелуде, - деді ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов. 

Бүгінгі таңда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар мәселе бар. Атап айтқанда, 5 жаппай демалыс орнының бекітусіз болуы, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне 23 демалыс орнының тек екеуі сай келеді, сүңгуірлік жұмыстарды жүргізуге өтінімдердің болмауы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив